M1X платформасы жүргізуші мен барлық жолаушыларға барынша жалы кеңістікті қамтамасыз етеді. Дизайнның жатық сызықтары әрлемесінің жоғары сапалы үйлесіміне тамаша сай келеді. Күшейтілген дыбыс оқшаулауы сапарыңызды бұрынғыдан да жағымды әрі жайлы етеді.
Сүйір жатық пішіндер, сапалы материалдардың сәнді үйлесімі, жайлы жылы жарық және екі 12,3" HD-дисплейі бар үлкен цифрлық басқару аймағы Сізді премиумдық жайлылық атмосферасына шомдырады.
Жүргізуші орындығының 6 бағыттағы және бел тіреуінің реттемесі, жылытқыш, желдеткіш, баптаулар жады, анатомиялық орындықтар, авиациялық бассүйегіштер, премиумдық SONY аудиожүйесі – Сіздің назарыңызға лайықты деңгей.
DCT7 роботтандырылған беріліс қорабының электронды басқаруы барынша жатық ауыстырып қосуды және трансмиссияның жоғары ПӘК-ін (~ 96%) қамтамасыз етеді. Электрлі тұрақ тежегіші тұраққа қойған кезде сенімді, ал AutoHold қысқа аялдаулар кезінде автокөліктің уақытша ұсталып тұруын жүзеге асырады.
10 қауіпсіздік жастығы, күштік қаңқасында 80% беріктігі жоғары болаттың болуы, 12-ден аса ADAS белсенді қауіпсіздік жүйесі, C-NCAP сынағындағы 5★ - осының бәрі әрбір жолаушының максималды қауіпсіздігін қамтамасы етеді.
2780 мм-ге дейін үлкейтілген дөңгелек базасы, толықтай тәуелсіз көп иінтіректі аспа 186 аттың күшін беретін қуатты энергия айналымы тиімді 1.6TGDI қозғалтқышымен бірге әрбір бұрылыстан жүріп өтуден шынайы ләззат алуға мүмкіндік береді.
Бізге сеніңіз, біз сізге жаңа көлікке жету жолында көмектесеміз!