«Технологиялы Chery»
CHERY компаниясының инновациялық әзірлемесі — электр желісінен зарядтау құрылғысы (PHEV) мен төртінші буынның CHERY POWER DHT гибрид трансмиссиясы бар гибрид автокөліктің алғашқы моделі автокөлік жасау саласындағы ең ауқымды іс-шарада — 2021 жылы Чэнду қаласында (Қытай) өткен 24-ші Халықаралық автосалонда таныстырылды.
CHERY POWER DHT гибрид трансмиссиясы максималды өнімділікке және әлемдегі ең жоғары ПӘК-ке ие болғандығымен ерекшеленеді.
Chery компаниясы өз әзірлемелері арқылы қозғалтқыштардың, беріліс қораптарының, шассидің, қозғалтқышты басқару жүйелерінің (EMS) және платформалық технологиялардың өндірісін игерген Қытайдағы алғашқы автокөлік кәсіпорны деп танылды.
Компания «технологиялы Chery» деп белгілі өз зерттеулерін үздіксіз жүзеге асырады.
Осылай, 2019 жылы Лунпань кубогінде «технологиялы Chery» өнертабысы — жылу ПӘК-і — 37,1%-ды, ал максималды қуаты 145 кВт (290Нм) құрайтын ACTECO 1.6TGDI үшінші буын қозғалтқышы «Жылдың он үздік қозғалтқышының бірі» номинациясында атап көрсетілді.
CVT25 өнертабысы — максималды айналу сәті 250 Нм құрайтын беріліс қорабы Chery компаниясына «Әлемдегі он үздік беріліс қорабының бірі» номинациясында тағы бір жеңісті әкелді, бұл жүк көтергіштікті 1,5-1,6 т. дейін арттыруға, автокөліктің үдеу қабілетін жақсартуға және тұтынылатын отын көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Бүкіл әлем бойынша тұтынушылардың сеніміне ие болып, 2021 жылы брендтің сатылымдары қарқынды өскенін көрсетті. 2021 жылдың тоғыз айы ішінде компания 575 597 автокөлік сатқан, бұл өткен жылдың осындай кезеңі ішіндегі көрсеткіштен 61,6%-ға көп. Экспортталған автокөліктер саны өткен жылғы осындай кезеңнің нәтижелерінен 162,8%-ға асып түсіп, қаңтар — қыркүйек кезеңі ішінде 165 858 бірлікті құрады.
Қазіргі кезде Chery автокөліктерін Қазақстанның, Ресейдің, Бразилияның, Чилидің және басқа да елдердің қалаларынан кездестіруге болады. Көзге түсетін сыртқы түрінің, жоғары технологиялығы мен жайлылығының арқасында Chery әр адамға белгілі автокөлік брендіне айналды.
Chery Automobile Co., Ltd компаниясының құрамына 10 автокөлік зауыты, 5 ірі ғылыми-зерттеу базасы, бүкіл әлем бойынша 1 500 астам шетелдік дилер мен қызмет көрсету орталығы кіреді.
Chery — шетелге автокөліктерді, қосалқы бөлшектерді, қозғалтқыштарды, жабдықтарды және автокөлік жасау технологиясын жеткізетін Қытайдағы алғашқы автокөлік кәсіпорны.
Компания 5 500 астам адамнан құралған, өз ғылыми-зерттеу және тәжірибе жасау-құрастыру жұмыстарын жүргізуге арналған зертхананы құрды. Жоба қозғалтқыштарды, трансмиссияларды және шассиді өндірудің меншікті технологиясын әзірлеуге бағытталған.
Осының бәрі Chery компаниясына қатарынан 18 жыл бойы Қытайда автокөліктер экспорты бойынша жетекші орынды сақтауға мүмкіндік береді. Әлемнің 80 астам елінде 9,5 млн. автокөлік иесі Chery брендін таңдаған.
Chery автокөлік секторында «Жаһандық нарыққа шыққан Қытай брендтері ішіндегі жаңашыл бренд» деп танылды
Chery Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетеді
Terra Motors сізбен бірге!
Тест-драйвке жазылу
Бізге әлеуметтік
желілерде қосылыңыз
Сервиске жазылу
Қолайлы Chery автокөлігін таңдаңыз және сервиске жазылыңыз
Байланыстар
Сізге ең жақын автокөлік дилерінің мекенжайын табыңыз
Қосалқы бөлшектер
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Қосымша жабдық
Сізді қызықтыратын бөлшектердің қоймада бар-жоғын тексеріңіз
Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға және жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді растайсыз.